Депутат: Оңтүстік Кореядағы азаматтарымызға заңды еңбек ету құқығын беру керек

Оңтүстік Кореяда жүрген отандастарымызға заңды түрде еңбек ету құқығын беру керек. Бұл мәселе бүгін Мәжілісте көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырдан бері Кореяға 10 мыңға жуық қазақстандық туристік визамен барып, заңсыз еңбек етіп жүр. Көбі 20 мен 35 жас аралығындағы азаматтар. Оңтүстік Кореядан елімізге жылына 105 млн доллар қаржы аударады. Көрсеткіш кейінгі 6 жылда 60 есе өскен. Кореяға Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстан азаматтары да көп барады. Бірақ оларға заңды, екіжақты келісім негізінде жұмыс істеу құқығы берілген. Біздің азаматтарға мұндай мүмкіндік жоқ. Сәйкесінше, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетілмейді. «Сондықтан Үкімет бұл мәселені оңтүстіккореялық әріптестерімен бірлесіп шешу керек», - дейді депутат Асқар Бейсенбаев.