Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан 24 жастағы жігіт ұсталды

Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан 24 жастағы Түркістан облысының азаматы ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында күдіктінің жалға алған пәтерінен жалпы салмағы 1 келі болатын синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Мөлшері үш мың дозадан асатын есірткі затының құны 50 миллион теңге болады екен. Қазір қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Гүлназира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі, яғни (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді. Айта кетейік, бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталған азамат Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.