429,67 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ДСМ оқушыларды міндетті ПТР-тестілеу туралы хабарламаны жоққа шығарды

  • 102
  • UPD: 15:22, 31.03.2021
ҚР ДСМ оқушыларды міндетті ПТР-тестілеу туралы хабарламаны жоққа шығарды InfoPort

Қазнетте бұдан былай ауырып, сабақтан қалған оқушылар нәтижесі теріс COVID-19 ПТР-талдауын ұсынуға міндетті екендігі туралы хабарлама таратылуда.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

Ведомство өкілдері ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларында оқушыларда міндетті түрде ПТР-тестілердің болуына қойылатын талаптар қарастырылмағанын жеткізді.

– Мектеп әкімшілігінің бұл талаптары заңсыз. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында коронавирустық инфекциямен ауырған немесе онымен байланыста болған оқушылар үшін білім беру ұйымында болу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы дәрігердің медициналық қорытындысының болуы ғана қарастырылған, – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Мектептердегі заңсыз талаптарды растайтын скриншотта бұл оқиғаның Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында болғаны көрсетілген. Алайда аймақтың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, Сәтбаев қаласының бас санитарлық дәрігері де оқушыларға мұндай талаптар қоймаған.

Қорыта айтқанда, ауырып, сабақтан қалған оқушылар COVID-19 ПТР талдауын тапсыруы керек деген қауесет шындыққа жанаспайды.

Хабар 24 телеарнасы