429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында марихуананың ірі партиясы тәркіленді

  • 85
  • UPD: 16:39, 31.03.2021
Павлодар облысында марихуананың ірі партиясы тәркіленді

Павлодар полицейлері бір қапшық есірткі тасымалдаған әйелді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Екібастұз қаласында 38 жастағы қала тұрғыны мінген «Мазда Кронус» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында автомобильдің салонынан жолаушыға тиесілі қапшық табылды, онда ерекше исі бар зат салынған үш полиэтилен пакет болды. Сараптама нәтижесіне сәйкес алынған зат салмағы сегіз келіден астам марихуана екені анықталды», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Әйел Екібастұз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Биыл павлодарлық жедел уәкілдер есірткінің заңсыз айналымы саласында 50 қылмысты анықтады, оның 48-і есірткі мен психотропты заттарды сатумен байланысты болды.

Хабар 24 телеарнасы