Ақтөбеде мандарин жегеннен кейін балалар қайтыс болды деген жалған ақпарат тарады
- 138
- UPD: 16:57, 31.03.2021

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиохабарламада қазақстандықтарға апельсин мен мандарин жемеуге кеңес берілген. Ақтөбеде жеміс жеген бірнеше бала қайтыс болған екен. Бұл ақпарат – жалған, деп хабарлады stopfake.kz.
Ақтөбе облысының полиция департаменті өмірге қауіпті жемістер туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын тағы да еске саламыз», – делінген департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасында.