ҚР ДСМ депутаттың вакцина туралы сауалына жауап берді

Сәуір айында елге 2 жарым миллион доза вакцина әкелінеді.

Жазға дейін 6 миллион қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алып үлгереді. Денсаулық сақтау министрлігі депутат Ирина Унжакованың сауалына осылай деп жауап қатты. Хабарламада бүгінгі күні 300 мың адамның екпе салдырғаны жазылған.

Естеріңізге салайық, былтыр бір ай ішінде 2 жарым миллионға жуық адамға тұмауға қарсы вакцина қойылды. Биыл да көзделген жоспар орындалуға тиіс. Ол үшін Қарағанды фармацевтикалық кешенінде екпе әзірлейтін алаң іске қосылып, оны салатын медициналық кабинеттер көбейді. Үкімет халықты вакциналау үшін барын салып жатыр делінген құжатта.

Сондай-ақ...