430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жолақы қымбаттайды

  • 77
  • UPD: 09:03, 01.04.2021

Ақтөбеде қоғамдық көлік ақысы қымбаттайды. 15 мамырдан бастап қала ішіндегі автобустардың бағасы 150 теңгеден болмақ. Ал 80 теңгеден немесе әлеуметтік топ үшін белгіленген 60, 40 теңге төлеу үшін арнайы карта сатып алу керек болады.

Құны 450 теңгелік жолаушылар картасы 4 санатқа бөлінген. Бұған дейінгі жол ақысына сәйкес 80 теңгелік, зейнеткерлердің 60 теңгелік, мектеп оқушыларына арналған 40 теңгелік және 1, 2-топ мүгедектерінің тегін картасы бар. Ал егер бұлардың бірі де болмаса әзірге қолма-қол ақшамен 80 теңге төлеуге болады. Алайда бұл тек мамыр айының 15-не дейін сақталады. Одан кейін картасыз жолаушылар 150 теңге төлеуге міндетті болмақ. 

Асхат Шахаров, қала әкімі:

- Бұл не үшін қажет? Ақша қаражатының ағынын барынша ашық ету үшін, сонымен қатар жол жүрудің ақысын электронды жүйесіне көшу жолаушылар тасымалы қызметін жақсартуға және жолаушылар ағынын дәл анықтауға мүмкіндік береді. 

Жол ақысын жергілікті мәслихат 2018 жылы 80 теңге деп бекіткен еді. Сол кезде депутаттар алдында сөз алған тасымалдаушы компания өкілдері «жаңа автобустар сатып алып, электронды төлем жүйесін енгіземіз» деп ант-су ішкен. Алайда 3 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан қызмет көрсету сапасы оңала қойған жоқ. Сондықтан бұл жолы да өзгерістердің болатынына тұрғындар сенімсіздікпен қарайды. 

БЛИЦ:

- Сенбеймін мен. Өзгеріс болатын болса осы уақытқа дейін болатын еді ғой. Жақсарады деп ойламаймын. Өзімнің жеке пікірім. Өйткені біз жұмысқа қатынаймыз. Таңертең 50 минут жүреді, мысалы. Аяғымыз тоңып барамыз ғой. автобустың іші қара мұз.

БЛИЦ 2:

- Көп күтемін. Жарты сағат күтемін. Мол күтемін. Жүріп болмайды. 45 бір сағатта бір жүреді ма. Жарты сағат деп айта береді.

БЛИЦ 3:

- Автобустарда санын көбейтсе, мүмкін жақсарар жағдай. Құнын көтерсе саны да көбейетін шығар.

БЛИЦ 4:

- Ондай ештеңе болмайды ол. Баяғы қалпында қалады ғой. Просто халыққа кішкене қиындау ғой. Қалтасы көтермейді халықтың 

Бұған дейін елорда мен Алматы, Атырау мен Семей қалаларында жүзеге асырылған жүйе Ақтөбеде сәуір айының 7-нен бастап қолданысқа енеді.

Қанат Жанғалиев, мердігер компания директоры:

- Егер біздің жүйе бойынша істемей қалса немесе кондукторлар және жүргізушілер өшіріп тастаған болса, онда 150 теңге төлемей тегін түсіп кетуіне болады. Егер қолында осындай карталар болса.

Қазір қаладағы барлық автобусқа стационарлы есептеу құрылғылары орнатылып жатыр. Қолма-қол қаржы жинамау үшін жүргізушілер мен кондукторлар да бақылауға алынады.

Авторлар: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы