ШҚО-да полицейлерге вакцина салынды

Шығыс Қазақстан облысында  8 мыңнан астам адам вакцина алды. Олардың басым көпшілігі, яғни 7 мыңнан астамы дәрігер.

Қалғандары мұғалімдер мен күштік құрылым өкілдері. Қазір өңірде бұл науқанның 3-кезеңі жүріп жатыр. Қауіпті індеттің бетін қайтаруға арналған бұл шараға тәртіп сақшылары  да қатысты. Ұжымда қазір  коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырғандар қатары 100-ден асып жығылады. Олардың көбі қоғамдық орындарда жиі болатын учаскелік және патрульдік полиция қызметкерлері.

Бейбіт Хамидуллин, облыстық ПД жедел қимылдайтын арнайы жасақ командирінің орынбасары:

- Келіп вакцина алып жатырмыз, бірінші бастап өзім алып шықтым, әсері жақсы, ешқандай жаман жағдайын көріп тұрған жоқпын, өз айтарым: жеке құрамға полиция қызметкерлеріне келіп вакцина алғандарыңыз дұрыс деймін.