430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы отбасын құрғандар мен ажырасқандар саны белгілі болды

  • 133
  • UPD: 11:14, 01.04.2021
2020 жылы отбасын құрғандар мен ажырасқандар саны белгілі болды

2020 жылы Қазақстанда 128,8 мың неке қиылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,6% аз.

Мәліметтер бойынша ажырасулар саны 2020 жылы 22,5 мыңды құрады. Ал 2019 жылы Қазақстанда 59,8 мың ажырасу тіркелген, деп хабарлады ranking.kz.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында некеге тұрушылар саны Алматыда көп тіркелді – 15,8 мың. Одан кейінгі орындарда Түркістан облысы (13,5 мың) және Алматы облысы (13 мың) тұр. Ажырасу бойынша да (сот шешімдерін есептемегенде) Алматы қаласы көш бастап тұр (3 мың), одан кейін Алматы облысы (2,5 мың) және Қарағанды облысы ​​(2,2 мың) облысы орналасқан.

Бір жыл ішінде некеге тұру санының айтарлықтай төмендеуі Шымкентте (17% азайған), сондай-ақ Солтүстік Қазақстанда (14,9%) және Қостанай облысында (14%) байқалды. Некеге тұру саны тек Қызылорда облысында өскен, оның өзінде 1%-ке ғана.

«Қазақстандық отбасылар - 2020» ұлттық баяндамасына сәйкес, қазақстандықтар арасында жүргізілген сауалнама барысында респонденттердің көпшілігі (респонденттердің 43,2%-і) ажырасудың маңызды себебі отбасылық зорлық-зомбылық екенін айтқан.

Хабар 24 телеарнасы