Петропавлдың 29 жасар тұрғынынан 560 доза есірткі тәркіленді

Петропавл қаласының 29 жасар тұрғынынан 560 доза есірткі тәркіленді. Ол  полицейлердің назарына үш ай бұрын ілігіпті. Осы уақыт аралығында жедел шаралар қолға алынған. Наша таратқан азамат жұмыссыз болып шықты. Оның пәтерінен мариухана мен гашиш табылды. Бір күнде оның төрт жақтасы да ұсталды. Нақтырақ айтқанда, күдікті есірткінің 2,5 келісін сақтаған. Бұл ірі мөлшер болып саналады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысы Мерке ауданы тұрғынының 40 мың теңгесін, банк карточкалары мен жеке құжаттарын ұрлаған әйел ұсталды. Күдіктіні полицейлер ізін суытпай қолға түсірді. Оңай олжа тапқысы келген Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Келіншек 850 мың теңгенің алтын бұйымдарын ұрлағанын мойындады. Сонымен қатар зергерлік дүкеннің кассасынан 128 мың теңгені қалтасына басқан. Бұл дерек бойынша тергеу басталды.

Қарағанды облысында ғаламторда «жұмысқа орналастырамын» деп хабарлама таратып, халықты алдаған қос азамат ұсталды. Қазіргі уақытта алты эпизодтан құралған іс тергеліп жатыр. Екі тұрғын жүргізушілерге жалақысы жақсы жұмыс ұсынған. Ал құжаттарды жедел рәсімдеу үшін ақша алып келген. 

Серік Дарбаев, қалалық ПБ Теміржол полиция бөлімі басшысының орынбасары:

- Ғаламтор қолданушылары бейтаныс сайттардан тауар немесе қызмет түрлерін сатып алады. Бірақ ақша аударылған соң алаяқтар ізін суытады. Теміржол полиция бөлімінің мамандары бірнеше эпизодтық істі тергеп жатыр. Екібастұз және Павлодар қалаларының тұрғындары 086 формалы анықтамасын жасап береміз деп, халықты алдаған. 

Бұған ондаған қарағандылық алданып қалды. Күдіктілер санитарлық кітапша мен денсаулық жөніндегі анықтама жасап беруге уәде еткен. Бұл схеманы олар карантин кезінде ойлап тауып, іске асырған.

Күдікті:

- Адамдарды алдау жоспарын ауруханада жатқан кезде ойлап таптым. Алдымен интернетте жүргізушілерді жұмысқа алу туралы хабарлама жарияладым. хабарласқан адамдарға қызметімді ұсынып, банк карточкасына ақша аударуды сұрап отырдым. Ақша түскен соң номер мен мекен-жайды ауыстырдым. Қоңырау шалған 10 адамның бесеуі алданды.

Қостанайда көлікті айдап кетпекші болған мас жүргізуші ұсталды. Ол оқиға орнына жеткен полицейлерге қарсылық білдірген. Ішімдікке тойып алған азамат көлік тұрағындағы машиналардың бірін тізгіндемекші болған. Бірақ көздегеніне жете алмады. 31 жастағы қостанайлық бірден қолға түсті. Ал ол айдап кетпекші болған көлікке механикалық зақым келген.

Қызылордада екі тұрғынның спирттік ішімдік ішуі адам өлімімен аяқталды. Азаматтар жанжалдасып, бірі екіншісінің аяғына пышақ салған. Екінші азамат тілге келместен көз жұмды. Күдікті бірден оқиға орында ұсталды. Тергеу барысында оның бұрын сотталған, қаланың жұмыссыз тұрғыны екені анықталды. Бүгінде ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Сот сараптамалары тағайындалды.