Алматы облысында мемқызметті интернет арқылы көрсету үлесі артты

Алматы облысының Кеген ауданында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ұсыну көрсеткіші 71 процентке жетті. 

Қазір бұл аудандағы 5 мемлекеттік мекеме «Оупн Спейс» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсетуде. Ауданда 88 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылса, жергілікті халық соның 29-ын сервистік әкімдіктен ала алады. Ол үшін 4G интернет желісіне қосылған компьютерлер қойылып, «E-gov» өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған. Келушілер жеке электронды цифрлық қолтаңбалары арқылы сол жерден өздеріне керекті мәліметтер мен анықтамаларды еш кедергісіз ала алады.

Эльмира Жыланбасова, Кеген аудандық әкімдігінің бөлім басшысы:

- Енді былтырғы жалпы есеп бойынша біз аудан бойынша 10665 қызмет көрсеттік. Оның ішінде электронды түрдегісі бар, қағаз түріндегісі бар. Бүгінгі күндегі негізгі мақсат барлық қызметті электронды түрге ауыстыру болып отыр. Біздің ауданда соның 71 процентін электронды түрде көрсету қамтамасыз етілді.