Атырау облысында эпидахуал күрделеніп барады

Атырау облысындағы эпидахуал күрделеніп барады. Соңғы бір айда короновирус жұқтырғандар саны 9 процентке өсті. Өткен тәуліктің өзінде осындай 75 дерек тіркелген.

Өңірдің бас санитар дәрігері шектеу шараларының дұрыс сақталмайтынын алға тартады. Әсіресе, отбасылық шаралар толастар емес. 

Бұған қоса шағын және орта бизнес өкілдері де талаптарды өрескел бұзады. Осы мақсатта тексеріс жұмыстары күшейтіліп, жыл басынан 6 мыңнан аса рейд ұйымдастырылды. Наурыз айында 49 айыппұл салынды. Оның жалпы құны 3 миллион теңгеден асады. Мониторингтік топтардың жұмысы әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Атырау облысы 25 наурызда «қызыл аймақ» тізіміне еніп, карантиндік шаралар күшейтілген болатын.