Шымкент «сары аймаққа» өтті

Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» енді. 

Салаға жауапты мамандардың айтуларынша, қазір үшінші мегаполисте эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Соңғы екі тәулікте шаһарда індет жұқтырған 98 науқас тіркелген. Ал жыл басынан бері 1344 жағдай анықталса, оның басым бөлігі, яғни 702-сі наурыз айында жұқтырғандар.

Мамандардың айтуынша, Шымкент «сары аймақтан» «жасыл аймаққа» бір апта көлемінде қайта оралмаса, жаңа қаулы шығып карантиндік шектеу-шаралар қатаңдайды.