429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде коронавирустың мутацияланған үш түрі расталды

  • 212
  • UPD: 23:55, 01.04.2021
Елімізде коронавирустың мутацияланған үш түрі расталды фото: rg.ru

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізіп жатыр.

Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады.Жиын барысында Президент елімізде коронавирустың жұқпалылығы жоғары мутацияланған үш штамы расталғанын мәлімдеді.

«Індеттің таралуы ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың көбеюімен, сондай-ақ өлімнің артуымен қатар жүреді», деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы