Президент ұжымдық иммунитет қалыптаспай, шектеулерді алып тастау мүмкін болмайтынын айтты

Тұрғындардың індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы тиімді ақпараттық түсіндіру шараларымен қатар жүруі керек.

Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Тұрғындардың індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы тиімді ақпараттық түсіндіру шараларымен қатар жүруі керек. Осы маңызды жұмысқа кәсіби мамандарды, жаппай екпе салуды қолдайтын белсенді азаматтарды тартқан жөн», - деді.

Бұл бағытта отандық бизнестің ұстанымы өте маңызды екенін айтып өтті.

«Өйткені, ұжымдық иммунитет қалыптаспай, санитарлық шектеуді толығымен алып тастау мүмкін емес. Қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен түсіндіру жұмысын жүргізу қажет», - деді Президент.

Президент коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізді

Қазіргі ахуал өте күрделі деп айтуға болады – Мемлекет басшысы