«СҚ-Фармация» басшылығы тағы ауысуы мүмкін

Коронавирус індеті қайта өршіп келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөніндегі жиында осылай деді.

«Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр», - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшылығы өңірлерде жеке қорғану құралдарының жетіспейтінін атап өтті.

«Ел өңірлерінде жеке қорғану құралдары жетіспейді немесе сапасы төмен. Біз «СҚ-Фармация» басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіншілігін көрсететін уақыт келді. Олай болмаған жағдайда жаңа басшылық та жұмыста кетеді», - деп мәлімдеді Қ.Тоқаев.