Президент мониторингтік топтардың жұмысын сынады

Шектеулер мен түрлі рейдтер жағдайды оңалтып жатқан жоқ.

Әйтеуір халықты әбігерге салу. Ал, мониторингтік топтардың жұмысы ашық емес. Бір нысандар әркез тексеріліп тұрса, өзгелеріне тексерушілер бара бермейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Президент осындай сын айтты. Сондықтан прокуратура жанынан байланыс орталығы жұмыс істеуі керек. Орталықта рейд кезіндегі шағымдар қабылданады. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия әкімдермен бірлесіп, мониторингтік топтардың жұмысын реттеуі қажет. Бұдан бөлек, Президент індет кезінде шығынға батқан шағын және орта бизнес иелеріне жекелеген салықты төлеу мерзімін шегеруді тапсырды. Екіншіден, салықтық және кедендік қарыздарды мәжбүрлі түрде өндіруді тоқтатуға пәрмен берді. Мұндай жеңілдіктер жаппай вакцина қабылдап, шектеулер азайғанға дейін болады.