Жағдай мамыр айына дейін реттелсе, бизнеске шектеулер азаяды

Мамыр айында елімізде шағын және орта бизнеске салынатын шектеулер жеңілдетіле бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде қызмет көрсету саласы да бар. Бүгін Мемлекет басшысы сәуір айында жағдай толық реттелетініне сенім білдірді. Вакциналау мәселесі оң шешімін тапса, бизнеске де қатаң талаптар қойылмайды деді. Бірақ Үкімет халықты пандемиядан жан-жақты қорғауға тиіс. Бұған қоса, Президент «ASHYQ» мобильді қосымшасын кеңінен қолдану керектігін атап өтті. Соны жүйені тек бизнес емес, басқа да салалар белсенді енгізе бастауға міндетті. «Мұны заң жүзінде бекітетін құқықтық база да қалыптасады», - деді Мемлекет басшысы.