430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент: Халыққа түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ

  • 242
  • UPD: 18:03, 01.04.2021
Президент: Халыққа түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ

«Тұрғындардың індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы тиімді ақпараттық түсіндіру шараларымен қатар жүруі керек. Осы маңызды жұмысқа кәсіби мамандарды, жаппай екпе салуды қолдайтын белсенді азаматтарды тартқан жөн».

Коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте Президент осындай тапсырма да берді. Мемлекет басшысының айтуынша, халықты түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ. Әлі күнге ұжымдық иммунитеттің қалыптаспауы сондықтан. Тіпті кей азаматтар вакцинаның тиімділігіне сенбейді. Енді құзырлы органдар бұл іспен білек сыбана айналысады. «Бұл бағытта отандық бизнестің ұстанымы өте маңызды. Ұжымдық иммунитет қалыптаспай, санитарлық шектеуді толығымен алып тастау мүмкін емес. Қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен түсіндіру жұмысын жүргізу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Хабар 24 телеарнасы