430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысы 4,7%-ке өсті

  • 92
  • UPD: 18:39, 01.04.2021
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысы 4,7%-ке өсті

Пандемия тұрмыста да зобалаң туғызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кооронавирус өршіген тұста үйішілік зорлық-зомбылық 4,7%-ке артқан. Қылмысқа барғандардың 81%-і жұмыссыздар. Жалпы жыл басынан бері 68 мыңнан аса қылмыс тіркелсе, оның екі жүзден астамы отбасында болған жағдай. Зардап шеккендердің жартысынан көбі әйел, 7%-ке жуығы жасөспірім.

Алексей Милюк, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

- Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ең жеңіл жаза – екі жылға дейін бас бостандығынан айыру. Адам өлтіргені үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Егер қылмыс аса қатігездікпен жасалған болса, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бүгінгі күні қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 25 сотталушыға сот шешімімен химиялық кастрация түріндегі медициналық мәжбүрлеу шарасы қолданылған.

Хабар 24 телеарнасы