ШҚО-да санитарлық бекеттер қайта қойылады

Шығыс Қазақстанда санитарлық бекеттер қайта қойылады.

Бұл туралы бүгін облыстың бас санитарлық дәрігері жария етті. Осыған дейін тек шекарада 4 бекет жұмыс істеп келген. Енді ертеңнен бастап олардың саны 10-ға жетпек.

«Бұл қауіптің алдын алу үшін жасалып отыр», - дейді мамандар. Өйткені шекаралас аймақтарда жағдай күрделеніп бара жатыр. Сөйтіп, Алматы облысымен шектесетін аймақта үш – Қарағанды және Павлодар облыстарынан кірер жолға үш санитарлық бекет қойылады. Айта кетерлігі, аймаққа қауіпті өңірлерден келген адамдардың міндетті түрде ПТР-тест анықтамасы болуы керек.