430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысындағы әкімдік қызметкерлеріне жала жапқан блогер жазаланды

  • 86
  • UPD: 23:22, 01.04.2021
Маңғыстау облысындағы әкімдік қызметкерлеріне жала жапқан блогер жазаланды

Әлеуметтік желінің әлегі. Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданы әкімі мен Шетпе ауылы әкіміне жала жапқан әлеуметтік желі қолданушысы жазаланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «Фейсбук» желісінде «Маңғыстау ауданы әкімдігі» парақшасында қос әкімнің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп жазған. Еш дәлелсіз жарияланған жазба мемлекеттік қызметкерлердің атақ-абыройына нұқсан келтіргені анық. Сөйтіп, олар ауданаралық сотқа шағым түсірді. 

Нұршат Өтеулиева, облыстық соттың  баспасөз хатшысы:

- Маңғыстау аудандық соты аталған азаматты кінәлі деп танып, 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды. Сот жаза тағайындауда құқықбұзушының жұмыссыз екенін ескерді. Сондай-ақ қаулы бүгінгі күні заңды күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы