Цой Қазақстанда коронавирустың таралуына қатысты үш сценарийді атады

Сәуір-маусым айларында елде коронавирус жұқтырғандар саны 370 мыңға жетеді.

Соның 130 мыңы жедел медициналық көмекті қажет ететін болады. Мұндай пессимистік болжамды бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жеткізді. Оның айтуынша, елде індеттің таралуына қатысты үш сценарий дайын. Ең біріншісі жоғарыда айтылды. Ал реалистік тұрғыда көрсеткіш 250 мыңнан аспауы керек. Сондай-ақ оптимистік болжам бойынша сәуір-маусым аралығында коронавирусқа шалдыққандар саны 140 мыңға жетеді. Қазір тәулік сайын 1500 адамнан қауіпті кесел анықталады. Басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында.