Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны 20 есе өскен

Кейінгі 13 жылда елде аутизммен ауыратын балалар саны 20 есе өскен.

756 мың бүлдіршін есепте тұр. Онымен күресудің бірден-бір жолы – ауруды алдын ала анықтау. Сондықтан елде скрининг тәсілі кеңінен қолданылып келеді. Республика бойынша 17 орталық жұмыс істейді. Шымкент пен Қарағандыда медициналық-әлеуметтік көмек беретін 2 мекеме ашылған. Онда науқас балалардың ата-анасы жүгіне алады.

Еске салайық, бүгін – әлем бойынша аутизм мәселесіне көңіл аударту күні. Дата 2007 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бас ассамблеясының арнайы қарарымен бекіген.