430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда жарылыс болған жатақханада жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ

  • 65
  • UPD: 08:08, 02.04.2021
Петропавлда жарылыс болған жатақханада жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ

Қазіргі таңда үшінші, төртінші және бесінші қабаттағы тұрғындар ғана үйлеріне оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал астыңғы қабаттарда қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 21-і күні аталған көпқабатты үйге іргелес орналасқан дәмханада газ балоны жарылған. Үш адам мерт болған еді. 92 пәтердің иелеріне жалпы сомасы -27 миллион теңге көлемінде өтемақы берілді.

Асқар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:

- Жарылыс кезінде сынған барлық терезелер ауыстырылды. Дәліздер толықтай жөнделетін болады. Электр сымдарын жаңаладық. Жылу, су, кәріз жүйелері қалпына келтірілді. Қазіргі таңда зардап шеккен 12 отбасы әлі күнге университеттің жатақханасында тұрып жатыр. Сәтін салса, олар 10 күннен соң баспаналарына оралады.

Хабар 24 телеарнасы