ПТР анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы елден шығарылды

Ташкенттен Алматыға ұшақпен жеткен шетел азаматы еліне қайтарылды.

Себебі оның ПТР анықтамасы болмаған. Бұл туралы санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметі хабарлады. Ал өткен тәулікте Қазақстанға 37 халықаралық әуе рейсімен 4 жарым мыңнан астам жолаушы келген. Оның ішінде он адамда коронавирус бар-жоғын айғақтайтын тиісті құжаты болмаған. Олар Алматы әуежайында анықталды. Қазір карантиндік стационарда тест нәтижесін күтіп жатыр.