Астаналық ТЖД жеке тұрғын үй иелерін ауладағы қарды тазалауға шақырды

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі қауіпсіздік шаралары ретінде жауапты тұлғаларға тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттардың өкілдеріне кіреберістің шатырлары мен шатыр үстін қар мен мұздан тазалауды ескертті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті тұрғын үй кешендеріне (ТКК) және әкімшілік ғимараттарға (Бизнес-орталықтар, СОО) қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелері! Ауа райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты, сондай-ақ Төтенше жағдайлар мен жарақаттануға жол бермеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті сіздерге тиесілі аумақта, учаскеде су тасқынына қарсы уақтылы іс-шаралар өткізуге шақырады.

Тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттардың өкілдеріне кіреберістің шатырлары мен шатыр үстін қар мен сүңгі мұздан тазалауды, сондай-ақ үй маңындағы және іргелес аумақтағы жаяу жүргіншілер мен тротуар жолдарды тазарту керектігін ескертеміз», – делінген аталмыш департамент таратқан хабарламада.

Консультативтік гидрологиялық болжамға сәйкес, сәуір айының алғашқы онкүндігінде елордада ауа температурасының -12 С-тан +8 С-қа дейін жылуы, температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Жауын-шашын жаңбыр мен дымқыл қар түрінде күтіледі, тұман мен найзағай болуы мүмкін.

Департамент қызметкерлері тұрғындарға арнап үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізуде, бүгінгі күні 16 рейдтік іс-шара өткізілді, жалпы 2000 адамды қамтумен 1500-ден астам үйді аралау жүзеге асырылды, 900-ден астам ұсыным берілді.

Механикаландырылған тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына үй аумағындағы қарды жол жиегіне шығаруды ұсынылады. Бұл іс-шаралар учаскелерді су басу мүмкіндігінен азайтуға мүмкіндік береді.

«Құрметтті тұрғындар! Төтенше жағдайларға жол бермеу үшін сіздерден негізгі қауіпсіздік ережелерін және нұсқауларын сақтауға шақырамыз», – делінген хабарламада.