Адамдарды сендіру үшін актерлер COVID-19-дан қайтыс болғандарды ойнаған – фейк

Қазақстандықтар қара пакеттермен оралған адамдардың денелері салынған жүк көлігі түсірілген бейнероликті талқылауда.

Онда «мәйіттердің» бірі темекі тартып жатса, ал жүк көлігінің ішіндегі екі ер адам үстеріндегі қара пакеттерді түзетуде. Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді. Бұл пікір – фейк.

Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok аккаунтынан алынған. Ролик биылғы 30 наурызда жарияланған және онда «Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі» деп жазылған, деп хабарлайды stopfake.kz.

Демек видеороликтің COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ, сондай-ақ бұл көркем музыкалық бейне және шынайылықпен байланысты емес.