Биыл Құрық-Жетібай жолының бес шақырымы жөнделеді

Маңғыстау облысында жалпы ұзындығы 64 шақырымдық Құрық-Жетібай жолы қалпына келтіріле бастады.

2023 жылы аяқталуы тиіс жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Биылғы меже трассаның 5 шақырымына күрделі жөндеу жүргізу. Мердігер мекеме өкілдері осы мақсатқа 1,4 млрд қаржы жұмсалатынын айтып отыр. Бұл учаске Қарақия ауданының екі ірі елді мекенін қосады. Оған тәуелсіздік жылдары алғаш рет жаңадан жол төселіп жатыр. Қазіргі уақытта 30 арнайы техника мен 70-ке жуық адам 15 күндік вахталық кезекпен жұмыс істейді. Басым көпшілігі жергілікті тұрғындар. 

Абай Сапаров, жобаның бас инженері:

- Бұл жол ІІІ-категория. Күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Землянкасы көтеріліп, жабындысы басқаша салынады. Биылдыққа соның 13 проценті жөнделеді, 5 километрі ең үстіңгі асфальтқа дейін салынады. Ендігі жылға 56 процент, қалғаны 2023 жылға қалады. Толығымен бітуі керек.