430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда зейнеткерлері вакциналау науқанында белсенділік танытуда

  • 161
  • UPD: 21:08, 02.04.2021

Қызылордада вакциналау науқанына зейнеткерлер белсенді қатысып жатыр.

Тіркелген мекен-жайы бойынша емханаға өз еріктерімен келген зейнет жасындағы жандар алдымен дәрігерлердің кеңесіне жүгінеді. Медициналық тексеруден кейін ғана екпе алады. Вакцина салдырғандардың арасында 64 жастағы Михаил Караченцев те бар.

Зейнеткердің айтуынша, өзіне дейін жұбайы екпе алған. Қазір жағдайы жақсы. Бұдан соң зейнеткер өзіне екпе салдыртуды ұйғарыпты. Бүгін ол екпенің алғашқы компонентін алып шықты.

Михаил Караченцев, зейнеткер:

- Өзімді бірқалыпты сезінемін. Жалпы вакцина салдырғандардың арасында жағдайы нашарлағанын естіген емеспін. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ. Статистикаға қарап отырсақ, қауіпті індеттің үшінші толқыны басталғандай. Ауырмаудың жолы екпе алу.

Хабар 24 телеарнасы