424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да демалыс күндері бірқатар нысан жұмысын тоқтатады

  • 177
  • UPD: 19:51, 02.04.2021
БҚО-да демалыс күндері бірқатар нысан жұмысын тоқтатады

Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада вирус жұқтыру көрсеткіші 20 процентке ұлғайды.

Наурыз айында өңірде 2200 адамнан коронавирус анықталған. Соңғы тәулікте тағы 104 тұрғын осы дертке шалдығыпты. Аймақта сенбі, жексенбі күндері локдаун сақталады. Дәрігерлер ауру белгісі байқалған жағдайда бірден емханаға қаралу керегін ескертіп отыр.

Өкінішке орай, өз бетінше емделу салдарынан ауруын асқындырып алғандар саны өскен. Науқастардың дені зейнеткерлер мен еңбек жасындағы адамдар. Сала мамандарының айтуынша, әзірге жағдай жақсармайынша карантиндік шаралар сақталады.   

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Демалыс күндері облысымызда сенбі жексені күндері сауда үйлері мен сауда орталықтары мен жұмыс жасамайды. Жабық базарларымыз, СПА орталықтар, бассейндер, сауналар да өз қызметтерін тоқтататын болады. Қоғамдық тамақтану орындарында да сенбі, жексенбі күндері өздерінің қызметін тоқтатады, тек ғана жеткізу арқылы жұмыс жасайтын болады. Бұл шектеу шараларының барлығы да уақытша, сондықтан эпидахуал тұрақтанғанға дейін сақтық шараларын ұмытпауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы