Еліміз сыбайлас жемқорлықтың әлемдік индексінде жүз балдың 38-ін жинады

Елде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларға Transparency International ұйымы оң баға берді.

Былтыр сыбайлас жемқорлықтың әлемдік индексінде еліміз 38 балл жинады. Бұл соңғы жылдардағы ең үздік нәтиже. Индекс 100 балдан құралады. Бұл жайында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Енді 2025 жылға қарай еліміз сыбайлас жемқорлық индексінде 45 балл жинауы тиіс. Сондықтан қарқынды төмендетпеу маңызды.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Бүгін біз екі мәселені қараймыз. Біріншісі, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асуы. Одан соң Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен 2020 жылғы 19 тамыздағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы» Кеңестің хаттамасын іске асыру барысын қараймыз. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының 2014 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бар. Бұл жемқорлықпен күрестің негізгі бағдарламалық құжаты саналады.