Алматы облысында су тартуға жұмсалған кредит қаржы халық есебінен қайтарылмайды

Алматы облысының Панфилов ауданындағы ауыз су жүйесін тартуға жұмсалған несие қаржысы халық есебінен қайтарылмайды. Арнамызда көтерілген мәселеге қатысты облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы осылай деп жауап берді. 

Ақжазық, Лесновка, Алмалы, Педжім. Осы төрт ауылдың  тұрғындары үшін енді ауыз су бағасы қымбаттамайды. Өйткені ұңғыма қазып, құбыр тартуға кеткен несие қаржысы жергілікті бюджет есебінен өтеледі. 

Бағлан Тәнекенов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:  

- Бұл бюджеттік несиеде соңғы қарыз алушы сол ауданның су арнасы. Егер «Панфилов су құбырының» өз есебі, өз қаражаты несиесін қайтаруға жетпеген жағдайда бұл жергілікті бюджеттен қайтарылады. Тиісті тапсырма облыс әкімі берді. Және биылғы жылы бұл мәселе даже қарастырылмайды. Неге десеңіз, оның қайтаратын мерзімі 5 желтоқсан, 22 жыл.

Панфилов ауданындағы төрт ауылға ауыз су тарту үшін 1 млрд 200 млн теңге жұмсалған. Қаржы «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес бюджеттік несиеге алыныпты. Осындай жүйемен облыста бірнеше жоба жүзеге асқан.  

Бағлан Тәнекенов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:  

-  Біз он жобаға 4 млрд бюджеттік несие алған болатынбыз. Бұл су кәріз электр желілерін қайта жөндеу жобаларға жұмсалған. Соның шарты бойынша бұл несиелер 20 жылға берілген болатын. 7 жыл каникул дейміз.  Жеті жылдан кейін он үш жылдың арасында қайтарылатын қаржылар. Алғашқы несие қайтаратын кесте бойынша 2022 жылға бесінші желтоқсанға түсіп тұр. 

Ақжазық ауылының тұрғындары ауыз судың сапасына қатысты сын айтқан еді. Содан кейін мамандар судан сынама алыпты. Сараптама қорытындысына сәйкес тіршілік нәрі ішуге жарамды деп табылған.  

Авторлар: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев