433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда пәтер бағасы қымбаттап барады

  • 99
  • UPD: 22:27, 02.04.2021
Ақтауда пәтер бағасы қымбаттап барады

Сарапшылар әсіресе екінші деңгейлі баспана құны соңғы айларда екі есеге өскенін айтып отыр. Олар бұл өзгерісті өңір тұрғындарының зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін жаппай ала бастауымен түсіндіреді.

Өткен наурыз айында жаңа пәтердің бір шаршы метрі 250 мың теңгеге дейін барғаны айтылды. Бұған қарамастан сатып алушылар қатары азаймаған. Басым көпшілігі Жаңаөзенде тұратын азаматтар болып шықты.

Айта кетейік, болжам бойынша жаз айларында ел бойынша баспана бағасы 10 процентке арзандауы мүмкін.

Данияр Ысқақов, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік қызметкері:

- Былтыр желтоқсан айына дейінгі аралықта подъезді үйдің 3-4 қабатынан 3 бөлмелі пәтерді 12 млн теңгеге алуға болатын еді. Қазір 20 млн арзанын табу қиын. Ал былтыр 1 бөлмелі баспана құны 4 млн сәл асатын. Қазір 10 млн дейін барды. Бұл әрине уақытша құбылыс. Мұндай баға тұрғын үй нарығында ұзақ уақыт болмайды.

Хабар 24 телеарнасы