430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 377 науқастың жағдайы ауыр

  • 88
  • UPD: 10:15, 03.04.2021
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 377 науқастың жағдайы ауыр фото: inform.kz

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 3 сәуірдегі ақпарат жарияланды.

3 сәуірдегі мәлімет бойынша, 26 821 адам короновирус инфекциясынан (25 362 КВИ+ және 1 459 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 554 пациент стационарда, 17 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 377 адамның жағдайы ауыр;
  • 98 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек.

2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша 70 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған, 192 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 50 765, өлім жағдайлары – 696, барлығы 48 610 адам сауығып шықты.

Хабар 24 телеарнасы