430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы күшіне енді

  • 155
  • UPD: 11:44, 03.04.2021
Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы күшіне енді

Алматылық оқушылар мен студенттер биылғы оқу жылын қашықтан тәмамдайды.

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылған. Ал сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс күндері ғана таңғы 10:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Ашық базарлар мен жабық азық-түлік орындарына рұқсат берілді. Тек жексенбі бір күнге жабылады. Қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері таңғы сағат 07:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ үстелдердің арасында 2 метр қашықтық болу керек. Демалыс күндері тек ашық алаңдар ғана қонақтарды қабылдай алады. Балабақшалардағы кезекші топтағы бала саны 15-тен аспауы тиіс. Ал, Шымбұлаққа келушілері 500 адамға дейін шектелді. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы