М.Тайжан: Жер туралы мәлімет ашық болуы керек

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қолданысқа ашық түрде берілетіні рас.

Бірақ кейін жер телімі мен оның иесі және жалдау мерзімі туралы ақпарат бәріне бірдей қолжетімді болмай қалады. Осыған байланысты кез келген жер учаскесі жайлы мәлімет әр азамат үшін ашық болу керек. Бұл арнайы деректер базасына енгізілуі қажет. Өйткені жер мемлекеттік меншікке жатады», - дейді қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан. Жер комиссиясының мүшесі қарапайым шаруалар қоғамдық жайылымдық жерлерден айырылып жатыр деген уәж келтірді. Мұхтар Тайжанның айтуынша, жайылымдық жерлер туралы заң қабылданғанымен, жұмыс істемейді.

Мұхтар Тайжан, қоғам қайраткері:

- Қазір жергілікті ауыл тұрғындары өкінішке қарай, жайылымдарды қайтара алмайды. Өйткені ауылдың маңайындағы жерлер аренда бойынша жалға біреулерге 49 жылға берілді. Соттар болып жатыр. Мысалы, Алматы облысының Ақсу ауданында Қызылағашты келтірейін, мына жерде Максимовка, көп. Жергілікті халықты бұл жерлерді қазір қайтара алмайды. Тек қана сот арқылы. Ал соттар белгілі енді. Ол бөлек әңгіме.