Коронавирусқа қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайды

Вацина кімге салынбайды? 18 жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге, 65 жастан асқан азаматтарға және созылмалы ауруы барларға екпе егілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ вакциналау алдында азаматтың денсаулығы жіті тексеріледі. Дене қызуы өлшенеді. Егер қызуы 37 градустан жоғары болса, вакцинация кейінге қалдырылады. Бұдан бөлек, азаматтың жүрек соғысы мен артериялық қысымы қаралады. Дәрігер екпенің алдында адамның тыныс алуын да бақылайды. Жалпы елде коронавирусқа қарсы вакциналау екі кезеңмен жүргізіледі. Екінші доза 21 күн өткен соң салынады.

Атап өтейік, екпе азаматтардың келісімі бойынша жасалады. Бір анығы, қазір бізде осы екпеге қатысты түрлі қауесет бар. Бірақ бірер күн бұрын Мемлекет басшысы вакцинаға қатысты қаңқу сөзге сенбеу керектігін айтты. Сөйтіп, жауаптыларға халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.

 

Сондай-ақ...