Шетелден келген жолаушылар сауалнаманы енді электронды форматта толтырады

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында хабарлады.

«Шетелден келген жолаушыларға сауалнама жүргізу. Қазір сауалнама қағазға толтырылады, бұл рұқсат етілмейді. Біз оны цифрлық форматқа ауыстырамыз. Веб-ресурс қолжетімді болады, онда қолданушы сауалнаманы алдын ала толтырады. Осыған ұқсас жоба Мальдив аралдарында да сәтті жүзеге асырылды», - деп жазды министр.