Қызылордалық құтқарушылар вирусқа қарсы екпе алып жатыр

Вакцина салдырар алдында олар медициналық тексерістен өтеді.

Денсаулығында кінәраты болмағандар ғана процедураға жіберіледі. Қазір бірінші кезеңнен шамамен 6 жарым мың қызылордалық өтті. 2 мың 300-ден астам тұрғын екі кезеңдік компонентті алып үлгерді. Барлығы дәрігерлердің бақылауында. Шағымдары жоқ.

Әлімжан Марданов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы:

- Мен қазір жақындарымды және әріптестерімді, тұрғындарды вакцина алуға шақырамын. Оның ешқандай қауіптілігі жоқ, кері әсері байқалған жоқ. Қазіргі таңда укол алдым. Жағдайымыз бірқалыпты, тұрақты.

Саид Молдақараев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасы бастығының орынбасары:

- Вакцинаның бірінші кезеңінен өтіп жатырмыз. Қызылорда облысының тұрғындарымен көп кездесетін жағдай болғандықтан, бүкіл жеке құрам келісіп, бірінші емханадан вакцина алып жатырмыз.