433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қордайлықтар игі іске бастамашы болды

  • 83
  • UPD: 14:54, 04.04.2021

Қаракемер ауылындағы мешіт ауласына жүз елу түп тал егілді.

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы бұл акцияға Қарасай, Еңбек, Қаракемер, Масаншы, Ауқатты, Сортөбе, Қарасу, Өтеген, Күнбатыс ауылдарының жамағаты мен имамдары, ауыл жастары мен ақсақалдар қатысты. Осыдан соң көпшілік кір тасын көтеру мен арқан тартыс ойындарын тамашалады. Ауыл мешітінің өкілдері жұртшылыққа Қарасайдың батырлығы мен Төле бидің туралығы жайында қысқаша көрініс ұсынды. Іс-шара соңында ауыл тұрғындары мешіт имамына сый жасап, темір тұлпардың кілтін табыс етті.

Хабар 24 телеарнасы