Актөбе облысында сауда үйлері мен базарлар демалыс күндері жұмыс істемейді

Актөбе облысы шектеуді күшейтті.

Мұнда сауда үйлері мен базарлар демалыс күндері жұмыс істемейді. Сән салондарына тек алдын ала жазылу арқылы қабылдайды. Яғни, кезек болмауға тиіс. Банк, халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта бөілмшелері де осындай тәртіппен жұмыс істейді. Мекемелер дүйсенбі-сенбі аралығында тек сағат 9-дан кешкі алтыға дейін ашық.

Айта кетерлігі, өңір қазір қызыл аймақта тұр. Ақтөбемен қатар қазір Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары да қауіпті аймақ саналады.

Сондай-ақ...