429,67 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тоғыз адам шетелден КВИ жұқпағанын дәлелдейтін анықтамасыз келді

  • 112
  • UPD: 12:55, 04.04.2021
Тоғыз адам шетелден КВИ жұқпағанын дәлелдейтін анықтамасыз келді

2021 жылдың 3 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

2021 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 40 халықаралық әуе рейсі келді. 4 942 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 4 933 адам, анықтамасыз 9 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 20 рейс, 3 102 жолаушы, анықтамамен - 3 095, анықтамасыз - 7;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 771 жолаушы, анықтамамен - 769, анықтамасыз - 2;

- Қостанай қаласының әуежайына – 5 рейс, 268 жолаушы анықтамамен келген;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 173 жолаушы анықтамамен келген;

- Жезқазған қаласының әуежайына – 2 рейс, 22 жолаушы анықтамамен келген;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы анықтамамен келген;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 154 жолаушы анықтамамен келген;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы анықтамамен келген;

- Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 25 жолаушы анықтамамен келген;

- Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 2 сәуірде анықтамасыз келген 34 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы