429,67 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда екі күнде ресейлік «Спутник V» вакцинасын 17 мың адам салдырды

  • 106
  • UPD: 17:47, 04.04.2021
Алматыда екі күнде ресейлік «Спутник V» вакцинасын 17 мың адам салдырды

Алматыда тестілік жүйеде вакциналау жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Короновирусқа қарсы екпе қалалық емханаларда, Республика және Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында және сауда ойын-сауық кешендерінің бірінде салына бастады. Сонымен қатар жоспарлы вакциналау да қолға алынды. Бұл жөнінде қаланың бас дәрігері Нариман Табынбаев мәлімдеді. Жалпы екі күнде қалада ресейлік «Спутник V» вакцинасын 17 мың адам салдырды. Қазір шаһарда екпе егуге арналған 250 пункт бар. Алдағы аптадан бастап вакцина салдыруға ниет білдіргендер өздері тіркелген емханаға алдын ала жазылуы қажет.

Нариман Табынбаев, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Бүгін біз қалада вакциналаудың алдын ала графигін алдық. Сәуір айында 300 мыңға дейін екпе алуды жоспарлап отырмыз. Келесі айда да осындай көлемде екпе келеді. Сонда вакцина жеткілікті болады.

Хабар 24 телеарнасы