433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вакцина салдыру үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу керек пе?

  • 115
  • UPD: 22:36, 04.04.2021
Вакцина салдыру үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу керек пе? фото: inbusiness.kz

Алматыда коронавирус вакцинасын салдыру үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу талап етіле ме?

Бұл сауалға онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, алматылықтардың басым бөлігі вакцинаны тіркелген емханаларында салдырады.

«Егер ол Алматы қаласының тұрғыны болса және жұмыс орны бойынша жақын клиникаға жүгінсе, онда одан ешкім бас тартпайды. Бізде қалаға келіп, осында жұмыс істейтін адамдар бар. Мысалы, Алматыда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің 30% - қала сыртынан келетіндер. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелерге жұмыс орнында вакцина егуге рұқсат берді. Алматыда тұратындардың барлығына екпе қолжетімді. Егер олар тіркелген емханасында салдырғысы келсе, жазылып, кезекке тұра алады», - деді ол.

Бұған дейін Нариман Табынбаев Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация бірнеше күнге шектелетінін мәлім еткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы