Шегіртке зиянкестерін анықтау мақсатында тексеру басталды

Бүгінде республиканың оңтүстік өңірлерінде шегіртке тектес зиянкестерді анықтау мақсатында тексеру басталды.

Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады.

Биыл шегіртке ошақтарын анықтау үшін GPS навигаторларды пайдалана отырып, 524 бірлік автокөлік пен 1230 тексерушіні жұмылдыру арқылы шамамен 38 млн гектар жерді тексеру жоспарлануда. Сондай-ақ шекаралас Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлкеттерімен бірлескен зерттеулер жүргізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік өңірлерінде тексеру жұмыстары басталды. Көктемгі тексеру қыстап шыққан шегірткелердің жай-күйін анықтауға және химиялық өңдеу жүргізу үшін жағдайды болжауға мүмкіндік береді.

Биыл республика бойынша шегіртке зиянкестерінің 640 мың гектар алқапта таралуы болжануда. Шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен шамамен 2 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа жеткілікті пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтері сатып алынды. Сонымен қатар орталық қоймада қосымша пестицидтердің қажетті қоры бар.

Өңдеу жұмыстарына 183 бірлік арнайы техника (150 бірлік жер үсті бүріккіштері, 12 ұшақ, 13 бірлік аса жеңіл әуекемелері және 8 бірлік аэрозольді газ генераторлары) тарту жоспарлануда.

Өңірлерде химиялық өңдеу шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтары анықталуына қарай басталатын болады. Бұл үшін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық әкімдіктермен бірлесіп мониторинг және химиялық өңдеу жұмыстарының жоспарын бекітті.

Сондай-ақ...