Су тасқынына қарсы республика бойынша 8 жедел штаб құрылған

Елде әзірге су тасқыны болған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар министрлігі осылай деді. Олар республика бойынша 8 бірдей жедел штаб құрылғаны айтады. Олар Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс істеп жатыр. Олар өзен аңғарларын тазартып, арықтарды күл-қоқыстан аршуда. Одан қалды, еріген қар суын сорып жатыр. Осындай жұмыстарға ұзын-ырғасы 574 адам, 268 бірлік техника мен 20 бірлік мотопомпа жұмылдырылған екен.