424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада 70-тен аса отбасы қоныс тойын тойлады

  • 197
  • UPD: 15:39, 05.04.2021
Елордада 70-тен аса отбасы қоныс тойын тойлады

Қаланың сол жағалауында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған жаңа көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізінен жергілікті әкімдік кезегінде тұрғандар баспаналы болды. Тұрғын үйдің құрылысы 2 жыл бұрын басталған. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бой көтерді. Пәтерлер – 2 және 3 бөлмелі. Үйдің жанында білім ошағы орналасқан. Бағдарлама шарттары бойынша салымшы алдын ала 20 процент жарнасын төлейді, қалғанын «Отбасы банкі» қаржыландырады. Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі – 5 процент. Жаңа баспана алғандардың қатарында әскери қызметкер, көпбалалы ана және жас отбасылар да бар.

Ырысалды Әубәкірова, қала тұрғыны:

– 20 жылдан астам болды осы қалада тұрғаныма. 2009 жылы көшіп келдік. Содан бері кезекте тұрдым. «Отбасы банкі» бойынша салымшы болдым. Енді міне, көптен күткен баспанаға қол жеткіздім.

Жансұлтан Матаев, «Отбасы банкі» АҚ орталық филиалының директоры:

– 3400 пәтер бағдарлама аясында биыл пайдалануға беріледі. Оған қоса, әкімдік тарапынан жеке құрылыс компанияларымен ынтымақтастық орнатты. Соның аясында 8000 пәтер беріліп, адамдар баспаналы болады.

Хабар 24 телеарнасы