СҚО-да құс тұмауына қарсы шаралар басталды

Өңірде осы айда 630 мың вакцина салынады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандық дәрі-дәрмек биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында әзірленген. Ветеринарлардың айтуынша, екпе ең алдымен былтыр құс тұмауынан карантинге жабылған және шекарадағы ауылдарда, сонымен қатар құс фабрикаларына жақын елді мекендерде жасалады. Естеріңізге салайық, былтыр Солтүстік Қазақстан облысында жұқпалы індеттен 1 млрд-тан аса құс қырылып қалған еді.  

Ербол Бәгенов, Қызылжар аудандық ветеринариялық станциясының директоры:

– Барлығы Қызылжар ауданы бойынша сәуіде 38 мың 200 құсты тұмауға қарсы егу керек. Екі күннің ішінде 5 мыңнан артық құс егілді. Бір жұманың ішінде, әрі кетсе 10 күннің ішінде бітіреміз деген ойымыз бар. Өйткені қазір құстар далаға шығып жатыр. Сол үшін тездетіп бітіру керек бір жұманың ішінде.