Маңғыстау облысында мониторинг топтар күшейтілген режимге көшті

Маңғыстау өңірінде карантиндік шектеу шараларының бұзылмауын бақылайтын мониторинг топтар көбейеді.

Бұл коронавирустың таралуын тежеу бағытында жұмыс істейтін жедел штабтың шешімі. Штабтың жаңартылған құрамына прокуратура, аудан-қала әкімдері мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қосылды. Ақтау қаласы бойынша әзірге 4 мониторингтік топ бар. Олардың қызметі сенбі-жексенбі күндері күшейтілген кестеге ауысады. 1 сәуірден бері түнгі мезгілде ашық тұрған бірнеше дәмхана анықталып, акт толтырылды. 

Әлібек Әділқожа, мониторинг топтарының жұмысын үйлестіруші:

– 2-3 сәуір аралығында Ақтау қалалық мониторинг тобы және полицей қызметкерлерімен бірлесіп, 4 нысанды анықтады. Олар түнгі 12-ден кейін жұмыс істейді. Берперде тағу режимі және әлеуметтік арақашық ережесі бұзылған. Акт толтырып, қызметкерлерінен түсініктеме алдық. Фото-видео материалдарын жинап, СЭС мекемесіне жолдаймыз.